Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Себебі көктегі Құдай — Жаратқан Ие мені әкемнің үйінен, туған жерімнен алып шығып, «осы елді сенің ұрпақтарыңа беремін» деп маған ант берді. Жаратқан Ие ұлыма сол жерден әйел тауып алуың үшін сенен бұрын Өзінің періштесін жібереді. «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Алайда ата-бабаларымыз көктегі Құдайды қаһарландырды. Сондықтан Ол соларды Бабыл патшасы — халдейлік Набуходоносордың қолына тапсырды. Сол патша осы үйді қиратып, халықты Бабылға жер аударып әкетті. Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды,Жалынышын естіп, оны аман сақтайды. Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! Маған сиынып мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін! О, Құдай Иеміз, Сен мейірімді де кешірімдісің, ал біз Саған қарсы шығып,
Выбор основного перевода