Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
олардың табынған тәңірлерін өртеп жібергендері рас. Алайда солар шынайы құдай емес, адам қолынан шыққан ағаш не тас мүсіндер ғана. Сондықтан да ассурлықтар оларды құртып жібере алды. Бел тізе бүгіп, Небо да иіледі. Осы жалған тәңірлердің мүсіндері малдарға тиеліп, әкетіледі. Бұларды салтанатпен көтеріп жүретінсіңдер. Салмағы зілдей олар — шаршаған көліктерге ауыртпалық. Осылайша жалған тәңірлердің бәрі бірдей тізе бүгіп, құлайды. Олар ауыр мүсіндерін қорғай алмайды, қайта, өздері де тұтқынға түседі! Мен сол Бабыл патшасы арқылы Мысырдың тәңірсымақтарының ғибадатханаларына от қоямын. Патша солардың мүсіндерін не өртеп жібереді, не тұтқындап әкетеді. Қойшының шапанын жамылып алатынындай, ол Мысыр елін қыспаққа алады. Ақырында сол жақтан аман-есен шығады. Ол жалған тәңірге бағышталып, Мысыр еліндегі Бет-Шемеште орнатылған тас бағаналарды сындырып, Мысырдың басқа да тәңірсымақтарының ғибадатханаларын өртеп жібереді».
Выбор основного перевода