Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!» Содан теке тіпті айбаттанып, асқақтап кетті. Бірақ әбден күшейді деген кезде оның дәу мүйізі сындырылды. Оның орнына аспанның төрт бағытын меңзеген төрт шодырайған дәу мүйіз өсіп шықты. Ал сынып қалған мүйіздің орнына шыққан төрт мүйіз — оның халқынан пайда болатын төрт патшалықты білдіреді. Бірақ солардың күштері онікімен тең келмейтін болады. «Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім. Мұнан кейін мен дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін тұсаулап ұстаған төрт періштені көрдім.
Выбор основного перевода