Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Себебі солтүстіктің патшасы бұрынғыдан да үлкен әскер жинап, бірнеше жылдан кейін толықтай жарақтанған қуатты әскерімен оған қайтадан шабуыл жасамақ. Ал солтүстіктің патшасы әскерімен аттанып келіп, Мысырдағы жақсы бекінген қаланы қоршауға алып, топырақтан биік етіп үймек жасап, қаланы басып алады. Мысыр әскерінің, тіпті ең таңдаулы бөлімдерінің де жауға тойтарыс беретін еш қауқары қалмайды. Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді.
Выбор основного перевода