Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бұдан кейін екі патша бір дастарқанның басында отырып, іштей бір-біріне жамандық ойлап, жалғандық айтады. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі Құдай белгілеген уақытта істің соңы болады. Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады. Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады. Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады. Осылайша Яһуда мен Иерусалимнің халқы әкелген сый-тартулар баяғы күндер мен ежелгі жылдардағыдай Жаратқан Иеге ұнамды болады. Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:— Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Выбор основного перевода