Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қасқыр мен қозы бірге бейбіт жайылып, арыстан сиырдай сабан жеп, жыланға топырақ жем болады. Бұдан былай ешкім де Өзіме арналған бүкіл Сион тауында жамандық жасап, зияндық келтірмейді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сонда күллі елдерден Маған арналған сый-тарту іспетті барлық бауырластарыңды ат, қашыр, желмаяларға немесе арба-күймелерге мінгізіп, Иерусалимдегі Өзіме бағышталған Сион тауына тездетіп алып келеді, — дейді Жаратқан Ие. — Бұл, Исраил халқының Маған арнаған сый-тартуларын таза ыдыстармен киелі үйіме алып келгені іспетті болады. Уа, Жасаған Ие, Өзіңнің адалдығың мен мейіріміңе бола таңдаған қалаң Иерусалимге және Өзіңе бағыштаған Сион тауыңа деген қаһарлы ашуыңнан қайта гөр! Біздің күнәларымыз әрі ата-бабаларымыздың әділетсіз істері Иерусалимді және Өзіңнің халқыңды айналамыздағы барлық халықтардың мазағына айналдырды. Мен осылай деп мінажат етіп, Құдайым Жаратқан Иенің алдында өз күнәм мен халқым Исраилдің күнәсін мойындап, Құдайыма бағышталған қасиетті Сион тауы үшін жалбарынып тұрдым. Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді. Ол «көрікті елге» де басып кіреді. Көп халық жеңіледі, ал Едом мен Моаб және Аммонның әміршілері оның қолынан сытылып кетеді.
Выбор основного перевода