Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Осындай ұлылыққа ие болған атаңыздан күллі ұлттар, халықтар мен тілдердің адамдары дірілдеп қорқатын. Патша өзі қалаған кісілерін не өлімге кесіп, не тірі қалдырып отырды, әрі өз еркіне сай олардың дәрежелерін не көтеріп, не төмендететін. Қошқар батыс, солтүстік пен оңтүстікке қарай сүзгілеп айбат шегіп тұрды. Ешбір жануардың оған қарсы тұруға күш-қуаты жетпеді де, оның құдіретінен құтқаратын ештеңе болмады да. Содан қошқар қалағанын істеп, айбаттанып кетті. Мен бұған қарап, ойланып тұрдым. Сол сәтте екі көзінің арасында шодырайған дәу мүйізі бар бір теке тұяғын жерге тигізбейтіндей жылдамдықпен батыстан бүкіл жер бетімен өтіп бара жатты. Сабалақ жүнді теке — Грекия патшалығын, ал текенің екі көзінің арасындағы дәу мүйізі — сол патшалықтың алғашқы патшасын бейнелейді.
Выбор основного перевода