Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың,Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын.Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың. Сен құдіретіңмен тауларды орнаттың,Күш-қуатқа бөленіп, беліңді будың. «Бұлар тілдерін садақтай иіп, өтірікті жебедей боратады. Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап, зұлым іс-әрекеттерін жалғастыруда. Ал Мені тіпті танып мойындамайды да, — дейді Жаратқан Ие. — Әрқайсың достарыңнан абай болып, туысқаныңның бірде-біреуіне де сенуші болма! Туысқандарыңның әрбіреуі алдаушы, достарыңның әрбіреуі өсекші. Олар бір-бірін алдап, ешқайсысы да шындықты айтпайды. Тілдері өтірік айтуға машықтанған, күнә жасауларымен-ақ өздерін шаршатады. Ал (Құдайға сенімді) даналардың арасындағы бірнешеуі шейіт болады. Сол арқылы олар сынақтан өтіп, осы ауыр кезеңнің соңына дейін тазарып, ақталады. Себебі сол кезеңнің Құдай белгілеген соңы келгенше әлі де біраз уақыт бар. Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
Выбор основного перевода