Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бұл ерлердің жебелері үшкір, садақтары атуға дайын тұр. Мінген аттарының тұяқтары шақпақ тастай қатты, соғыс күймелерінің дөңгелектері құйындай жүйткиді. Оның ұлдары да соғысқа дайындалып, үлкен қарулы күш жасақтайды. Сол әскер асып-тасыған судай елді басып алып, Мысыр патшасының қорғанына дейін жетеді. Себебі солтүстіктің патшасы бұрынғыдан да үлкен әскер жинап, бірнеше жылдан кейін толықтай жарақтанған қуатты әскерімен оған қайтадан шабуыл жасамақ. Ал солтүстіктің патшасы әскерімен аттанып келіп, Мысырдағы жақсы бекінген қаланы қоршауға алып, топырақтан биік етіп үймек жасап, қаланы басып алады. Мысыр әскерінің, тіпті ең таңдаулы бөлімдерінің де жауға тойтарыс беретін еш қауқары қалмайды. Дастарқанынан дәм татқан өз адамдары оған сатқындық жасайды. Содан Мысыр патшасының әскері күйреп, көптеген жасақшысы қаза табады. Бұдан кейін екі патша бір дастарқанның басында отырып, іштей бір-біріне жамандық ойлап, жалғандық айтады. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі Құдай белгілеген уақытта істің соңы болады.
Выбор основного перевода