Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Осылай Рохабоғам тек Яһуда руының қалаларында тұратын исраилдіктерге ғана патша болып қалды. Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат. Бет-жүзіңді қалаға бұр. Осылайша қаланың қалай қоршалып, қиналатынын көрсетесің. Бұл Исраил халқына арналған ескерту белгі болады. Бет-жүзіңді Иерусалим қаласының қамал қабырғасына қарай бұр! Қолыңды жалаңаштап көтеріп, қаланың күнәлары үшін құритыны туралы оған қарсы Менің хабарымды жеткіз! Өзіңіз көрген сол көріністегі темірдің қышпен араласқаны іспетті, сол бөлімдері де бір-бірімен араласады. Бірақ темірдің қышпен біртұтас бола алмайтынындай, араларында шынайы бірлік болмайды. Бұдан кейін екі патша бір дастарқанның басында отырып, іштей бір-біріне жамандық ойлап, жалғандық айтады. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі Құдай белгілеген уақытта істің соңы болады.
Выбор основного перевода