Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Себебі Құдайларың Жаратқан Ие — «тәңір» атаулының үстіндегі Құдай және иелердің Иесі. Ол — үрей туғызатын ұлы да құдіретті Құдай, ешкімнің бет-жүзіне қарамайды да, ешкімнен пара алмайды да. Бірақ аз уақыттан кейін Мен сендерге деген ызғарлы қаһарымнан қайтып, оны Ассурға төгіп, сол елді қырып-жоямын. Даниялға былай деді: «Сен осы құпияны аша алғандықтан, сиынатын Құдайыңның шынымен барлық тәңір атаулының үстіндегі Құдай әрі патшалардың Иесі екеніне көзім жетіп отыр!» Сол мүйіздерге назар салғанымда, араларынан тағы бір кішкентай мүйіз шықты. Сонда оған орын босату үшін жаңағы мүйіздердің үшеуі түбімен жұлынып қалды. Осы мүйіздің адамдікіндей көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. Сол патша Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды жәбірлеп қалжырататын болады. Ол Құдайдың Тауратта белгілеген мейрамдары мен заңдарын өзгертуге ұмтылады. Құдайға бағышталған жандар бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге оның қол астына беріледі. Алайда «көктің әскеріне» оны сол күнәсі үшін жоюға рұқсат берілмеді. Соның нәтижесінде ғибадатхананың рәсімдері арамданып, шындық аяқ асты етілді. Бұл мүйіз осындай істерінің бәрінде табысты болды. Содан соң Жәбірейіл былай деді: «Мен саған кейінірек, Құдайдың қаһарлы үкімі шығарылатын кезде, не болатынын айтпақшымын. Өйткені бұл аян сол ауыр заманның алдын ала белгіленген ақыр соңы жайында. Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде отырып алып, өзін «құдаймын» деп жариялайды. Балаларым менің, қазіргі уақыт — осы заманның соңғы дәуірі. Сендер Мәсіхке қарсы шығатын біреу келеді деп естідіңдер, ал қазірдің өзінде де Мәсіхке қарсы шығатын адамдар көп. Біз осыдан-ақ соңғы дәуірдің келгенін біле аламыз. жетінші періште кернейін тартып, белгі берген кезде Құдайдың құпия жоспары жүзеге асады! Бұл Оның өз қызметшілері — пайғамбарларына алдын ала хабарлағанындай болмақ». Айуанға өз ұлылығын марапаттап, Құдайды қорлайтын ауыз, әрі қырық екі ай бойы өз бетімен әрекет ету билігі берілді. Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады.
Выбор основного перевода