Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Патша діни қызметкер Абиятарға былай деп бұйырды: «Анатоттағы өзіңнің егістік жеріңе бар. Сен өлімге лайықтысың. Алайда әкем Дәуіттің көзі тірі кезінде Жаратушы Тәңір Иенің Келісім сандығын көтеріп жүріп, әкемнің көрген бүкіл қиындықтарын бірге бөліскенің үшін, сені бүгін өлтірмей-ақ қояйын». — Осылай Сүлеймен Абиятарды Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметтен шеттетіп, Жаратқан Иенің Шилодағы Елидің әулетінің үстінен шығарған үкімін жүзеге асырды. Мұны естіп Құдайдың қаһары тұтанды,Ол Исраилден жиреніп мүлдем бас тартты, Содан тастап кетті Шилодағы тұрағын,Адамдар арасындағы киелі шатырын. Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығынХалқының жауларының қолына түсірді,Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісінСол дұшпандарының қолдарына тапсырды! Құдай меншікті халқына қаһарланды,Семсер жүзіне оларды табыстады, Халықтың жас жігіттерін өрт жалмады,Қыздарына той әндері айтылмады, Діни қызметкерлері семсерден құрыды,Жесірлері жоқтау да айта алмады. Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Шал мен кемпірлер қайтадан Иерусалимнің көшелерінде отырып, жастары соншама ұлғайғандықтан қолдарына таяқ ұстап алатын болады.
Выбор основного перевода