Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мәриям былай деді:— Жан дүнием Иемді мадақтайды, Құтқарушым Құдайға қуанады: Күңінің қарапайым жағдайынаҚұдай рақыммен назар аударады.Күллі ұрпақтар мені бұдан былай«Құдай жарылқаған жан» деп атайды: Есімі киелі Құдіретті ҚұдайМаған керемет ұлы істер жасайды! Рақымы Өзін қастерлеушілердіңҰрпағынан ұрпағына жалғасады; Ол қолының құдіретін танытып,Асқақ ниеттілерді шашыратады, Билік иелерін тақтан құлатып,Атақсыздарды жоғарылатады, Ашыққандарды игілікке кенелтіп,Байларды құр қол қайтарып қуады. Тәңір өз қайырымын ескеріп,Қызметшісі Исраилді қамқорлайды: Ежелгі ата-бабаларымызға,Ыбырайым мен оның ұрпақтарына,Құдай осылай айтқан болатын да. Жаратқан Ие қарсыластарын шайқалтады,Көктен күн күркіретіп қарсы шығады.Иеміз жер жүзіне үкім шығарады,Ол өз халқының патшасына күш сыйлайды,Тағайындаған сол басшысын қуаттайды. Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр,Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр,Ажалдың аранынан мені арашалай гөр. Күні бойы олар ұлы атыңа қуанады,Әділдігің оларды жоғарылатады. Оның алдынан жауларын құртамын,Өзін жек көргендерді қиратамын. О, Жаратқан, жауларың Сенің,Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды,Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды. Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!» Құтқарылудың қайнар көздеріненСу ала бересіңдер қуанышпен. Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Выбор основного перевода