Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». онда Сен көктегі тұрағыңнан құлақ сала гөр. Оларды кешіріп, әрқайсысына өзінің ой-ниеті мен істеріне қарай лайықтысын бере гөр. Әр адамның жүрегінде не бар екенін Сен ғана жақсы білесің ғой. Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,Бұл — жамандық атаулыны жек көру.Жек көремін мен паңдық пен менмендікті,Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді. Адамға күллі істері жөн іспетті,Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті. «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де.
Выбор основного перевода