Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім, сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын. Осыдан кейін Елқанах үй ішімен Рамаққа қайта оралды. Ал баласы Самуил діни қызметкер Елидің қарамағында Жаратқан Иеге қызмет ететін болып Шилода қалды. Исраилдің барлық руларының ішінен арғы атаңды Менің діни қызметкерім болуға таңдап алдым. Оны Маған бағышталып шалынған құрбандықтарды арнайы үстелде өртеуге, хош иісті заттарды түтетуге және алдымда жеңсіз сырт киімді киіп жүруге тағайындадым. Сонда Мен арғы атаң Һароннан тараған сендерге исраилдіктердің Маған арнап өртейтін барлық құрбандықтарынан тиісті үлестерін белгілеп қойған жоқ па едім? Жасөспірім Самуил Елидің қарамағында Жаратқан Иеге қызмет етіп жүрді. Сол заманда Жаратқан Иенің адамдарға сөзін арнап, аян беруі өте сирек болатын. Ақ бәтестен тігілген көйлек киіп алған өзі Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп жүрді.
Выбор основного перевода