Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! — Исраил халқының бүкіл қауымына мынаны жеткіз: Мен, сендердің Құдайларың Жаратқан Ие, киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар! «Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді? Себебі жаулардың «жартастай қорғандары»Біздің «Қорғанымыз» — Құдайға ұқсамайды,Бұлардың өздері соны мойындайды. Өйткені Жаратқанның жолымен жүрдім,Арсыз болып Құдайымнан безбедім. Уа, Жаратқан Ие, Сені сүйемін,Сен күш-қуатымның қайнар көзісің. Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. Келіңдер, Жаратқан Иеге арнапӘндетейік қуана-қуана жырлап,Жартастай мықты ҚұтқарушымызғаСиына берейік қатты дауыстап!
Выбор основного перевода