6
Бірақ Саул патша Дәуіттің Кеилге барғаны жайлы хабар алып: «Құдай одан бас тартып, қолыма ұстап беріп отыр! Шығуы қиын бекіністі қалаға кіріп, Дәуіт тұзаққа өзі түсіп тұр!» — деді. Патша бүкіл жасағын Кеилге қарай жорыққа аттандырып, оларға Дәуіт пен серіктерін қоршап алуға әмір етті.Ал Ахимәлік ұлы Абиятар Кеилдегі Дәуітке қашып келгенде, діни қызметкердің жеңсіз сырт киімін әкелген болатын.