14
Арба бет-шәміштік Ешуаның егістігіне жетіп, сол жердегі дәу тастың жанына тоқтады. Леуіліктер Құдайдың Келісім сандығын және алтын бұйымдар салынған сандықшаны арбадан түсіріп, дәу тастың үстіне қойды. Арбаның ағашын отынға жарып, қашарларды құрбандыққа шалды да, Жаратқан Иеге арнап өртеп жіберді. Содан кейін Бет-Шәміштің тұрғындары тағы бірқатар малды құрбандыққа шалып, бірнешеуін Жаратқан Иеге ұсынып өртеп жіберді.