Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ханна былай деп сиынды:Жаратқанға шын жүректен шаттанамын,Иемнен мол күш пен абырой алғанмын,Дұшпандарыма жауап қата аламын,Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын! Самуил құрбандық шалып жатқан кезде жау шабуыл жасап жақындап келді. Бірақ Жаратқан Ие сол заматта өте қатты күн күркіретіп, філістірлердің зәресін ұшырып, олар бастары ауған жаққа қарай қаша жөнелді. Сен жауларды темір таяқпен ұрасың.Лақтырып сындырғандай қыш ыдыстарын,Талқандап құртасың өз қиқарлықтарын». Қасындағы нұрын бұлттар жасырды,Бұршақ жауып, найзағай жарқылдады. Жебелер атқылап жауларын шашыратты,Найзағай жарқылдап оларды абдыратты. Басқа халықтар арасында сондықтан,Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын,Сенің атыңа ән-жырымды арнаймын. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Сен патшаны мәңгілік жарылқадың,Қасыңда болу қуанышын сыйладың. Оның алдынан жауларын құртамын,Өзін жек көргендерді қиратамын. Бар ұлттарға мынаны паш етіңдер:«Жаратқан Иеміз патшалық жүргізер!»Әлем берік орнатылды, орнынан қозғалмайды,Иеміз ұлттарды әділдікпен соттайды. Келе жатқан Жаратқан Иенің алдынан шықсын!Себебі Ол келіп, жерге сот құрады,Әлемге әділдікпен үкім шығарады,Ұлттарға адалдығымен билік айтады. Жаратқан Иеміздің көз алдында!Ол жерге келеді үкім шығаруға,Әлемге әділ билік айтуға,Нағыз шындықпен күллі ұлттарға. Құлы Дәуіттің әулетінен бізгеМықты Құтқарушыны шығарады.
Выбор основного перевода