Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Керісінше, Құдай Иеге Өзінің есімі құрметтелетін жер бетіндегі тұрағы болуға сендердің күллі руларыңның арасынан бір орынды таңдап алатын болады. Оған сиынып ғибадат етуге сол жерге баруларың қажет. Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. әрі діни қызметкер ретіндегі міндеттерін халықтың алдында жөндеп атқармайтын. Біреу Құдайға арнап құрбандық шалғанда, олар қазандағы ет піспей жатып бір қызметшісін арнайы үш тісті шанышқысымен жіберетін. Қызметші шанышқыны қазандағы әр түрлі етке сұғып, ілінгеннің барлығын діни қызметкердің үлесі деп алып кететін. Шилоға келген күллі исраилдіктерге де Елидің ұлдары осылай істейтін. Тіпті құрбандықтың Құдайға арналған майлы бөліктері ажыратылып, өртелмей жатып-ақ олардың қызметшісі келіп:— Діни қызметкерге қуыруға шикі ет кесіп бер, ол сенен піскен етті емес, тек шикі етті ғана алады, — дейтін. Егер әлгі адам:— Олар алдымен (Құдайға арналған) майлы бөліктерді өртеп ұсынсын, содан кейін қалағаныңызды — деп келіспей қалса, қызметші:— Жоқ, етті дереу бер, әйтпесе күшпен тартып аламын, — дейтін. Осылайша сол жігіттер Жаратқан Иеге арналған құрбандықтарды қорлағандықтан, Оның алдындағы күнәлары тым ауыр болатын. Кім әке-шешесін не ұл-қызын Менен артық көрсе, сол Менікі болуға лайықты емес.
Выбор основного перевода