Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие оған ашуланып, былай деп сөзін тамамдады:— Сенің леуілік Һарон атты ағаң бар емес пе? Оның сөзге шешен екенін білемін. Ол қазір-ақ сені қарсы алуға келе жатыр, өзіңді көргеніне шын жүректен қуанбақ. Онымен сөйлесіп, айтатын сөздерін аузына салуың керек. Мен саған да, оған да жар болып, сөздерімді айтқызып, не істеулерің керек екенін Өзім үйретемін. Сонда Һарон халыққа сенің атыңнан сөйлемек. Ол сенің аузың, ал сен ол үшін Құдай (іспетті жетекші) боласың. Жаратқан Ие Һаронға: «Айдалаға барып, Мұсаны қарсы ал», — деген болатын. Һарон жолға шығып, Мұсамен Құдайдың тауының маңында кездесіп, құшақтап бетінен сүйді. Ал қызметші:— Осы қалада Құдайдың тағайындаған адамы тұрады, солай емес пе? Ол өте беделді, айтқандарының барлығы да шындыққа айналады. Кәне, соған барайық. Мүмкін, қайдан іздеу керек екенін айтып берер, — деп ұсыныс жасады. Алайда Құдай Иенің тағайындаған пайғамбары Оның бұйрығымен Яһуда елінен Бетелге барды. Пайғамбар Еробоғам патша құрбандық үстелінің қасында хош иісті зат түтетпек болып тұрған кезде сол жерге жетті. Сонда әйел Ілиясқа тіл қатып былай деді:— Уа, Құдайдың жіберген адамы, менде неңіз кетіп еді? Жасаған күнәларымды әшкерелеп, жалғыз ұлымды өлтіруге келіп пе едіңіз? — Әйел күйеуінен: «Осы кісінің Құдайдың қасиетті адамы екенін білдім. Ол біздің қаламыздың үстінен жиі өтеді.
Выбор основного перевода