Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан ол ел қонысының кіреберіс қақпасы алдына шығып алып:— «Кім Жаратқан Иенің жағында болса, сол қасыма келсін!» — деп шақырды. Сонда оның қасына Леуі руының барлық ер адамдары жиналды. Мұса оларға:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: әрқайсың семсерлеріңді белдеріңе байлап алып, қонысты бір қақпасынан екінші қақпасына дейін әрі-бері аралай жүре, (күнәға батқан) бауырларың, дос-жарандарың мен көршілеріңнің көзін құртыңдар! — деді. Леуіліктер оның айтқандарын орындап, сол күні халықтың үш мыңдайы өлім құшты. Содан кейін Мұса Леуі руының адамдарын тағы да жинап алып:— Бүгін сендер Жаратқан Иенің қызметіне толықтай бағышталып, тағайындалдыңдар. Себебі өз ұлдарың мен бауырларыңды аямай, (Оның еркін орындадыңдар). Содан Ол сендерге бүгін Өзінің жарылқауын төкті, — деді. Осылай сендер Леуі руымен жасаған Келісімімнің өз күшінде қалуын көздеп өздеріңе осы ескертуді жібергеннің Мен екенімді білетін боласыңдар, — дейді Әлемнің Иесі. — Менің Леуі руымен жасаған Келісімім өмір мен амандықты мақсат еткен. Мен осы екеуін де оларға сыйлап келдім. Леуіліктер Менің есімімді қастерлеуге тиіс еді. Бастапқы кезде олар Менің есімімнің алдында дірілдеп қорқып, оны терең қастерледі де. Ауыздарынан тек шынайы тәлім ғана шығып, олар еш өтірік айтпайтын. Леуіліктер Менімен байланысып тыныш та әділ жүрді, әрі көптеген адамды теріс жолдарынан қайтарды. Кім әке-шешесін не ұл-қызын Менен артық көрсе, сол Менікі болуға лайықты емес. Иса былай деп жауап қатты:— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге — Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Выбор основного перевода