Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерде оған Жаратқан Иенің періштесі бір тікенді бұтаның ортасынан жалындап жанған от ішінен аян берді. Мұса бұтаның от болып жалындап тұрғанымен өртеніп кетпегенін байқаған еді. Сонда ол іштей: «Мынау қызық көрініс екен, сол жерге жақынырақ барып, бұтаның неліктен өртеніп кетпей жатқанын қарайыншы», — деп ойлады. Жаратқан Ие Мұсаның қарау үшін жақындап келгенін көрді. Содан Құдай бұта арасынан оған:— Мұса! Мұса! — деп дауыстады. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді. Қырық жылдан кейін Синай тауының маңындағы айдалада жүргенде, Мұсаға жанып жатқан бір тікенді бұтаның жалынынан періште аян береді. «Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады?» деп бауырластары бас тартқан кісі осы Мұса еді. Бірақ тікенді бұтада аян берген періште арқылы Құдайдың Өзі оны басшы және құтқарушы ретінде жіберді ғой.
Выбор основного перевода