Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол халқын жер қыраттарына шығарды,Даланың өнімімен оны асырады,Жартастағы ұядан оған бал сорғызды,Тастақта өскен зәйтүннен май ағызды. Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасай отырып, (Саған мойынсұнбайтын) бөтен ұлттар мен олардың тәңірлерін уәделі елден қуып шықтың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың. Сен мені халықтың бүлігінен құтқардың,Әрі басшысы етіп қойдың өзге ұлттардың.Бөтен халық енді маған қызмет етеді, Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз,Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз. Уа, Исраилдің бүкіл әулеті,Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді. Осындай тілектері іске асқанӘрбір халық қандай жарылқанған!Құдайы — Жаратқан Иеге сиынғанӘрбір халық қандай жарылқанған! Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді.
Выбор основного перевода