Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,Әрі топырақтың құнарлылығынан,Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан! Жүсіп — мол жеміс беретін жүзім бұтасы,Ол бұлақ басында өсіп-өніп тұрады,Сабақтары дуалдан асып шығады. Дұшпандары ызаландырып шабуыл жасады,Оқ атқан садақшылардай қастық жасады. Бірақ үнемі керулі оның садағы,Керемет епті қарулы қолдары.Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы —Исраилді қолдап жүретін БағушысыӘрі жылжымас Жартасы қорғайды. Иә, әкеңнің Құдайы өзіңді қолдайды!Құдіреті шексіз Құдай сені аспаннанБар жақсылықтармен жарылқасын әрқашан!Шыңырау бұлақтарын молынан ағызсын,Сәби мен төлді көп қып, аққа тойғызсын! Лайым әкеңнің берген осы баталарыАтам заманнан тұрған таулардан,Көне қырлардан үміт еткен баталарданӘлдеқайда асып түсе берсін!Бұл баталарым төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін!
Выбор основного перевода