Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! Дәріптеп ежелден аспанда жүрген Иемізді,Тыңда, зор даусымен Ол күркірейді. Хабарлаңдар Құдайдағы құдіретті!Исраилдің үстінде Оның салтанаты,Әрі бұлттардан жоғары күш-қуаты. Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері. Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің. Бұл — Мысыр туралы ауыр хабар:Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие ұшқыр бұлтқа мініп алып, Мысырға аттанбақ. Мысырдың жалған тәңірлері Оның алдында дірілдеп, мысырлықтар да сужүректеніп қорқады. Уа, Жаратқан, өзендерге ашуландың ба,Қаһарың ағымдарға бағытталған ба?Сен аттарыңа мініп, атойлағандаТеңізге қарсы қатты қаһарландың ба?Жоқ, күймелеріңді жібердің құтқаруға!
Выбор основного перевода