Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ағайынды жігіттер Шимон және Леуі:Кісі өлтіргіш қарулар — семсерлері. Ақыл-кеңестеріне ортақтығым жоқ,Қабылдаған шешімдеріне де қатысым жоқ!Олар ашуға беріліп, құртты адамның көзін,Қызық үшін бұқаның кесті тілерсегін. Сол екеуінің жауыз ашу-ызасынҚарғыс атсын һәм рақымсыз қаһарын!Сендерді Исраилдің ішіне бытыратамын,Жақыптың халқының арасына таратамын. Кейін Мұса бұл жерді Маса («Еркінсіп сынау») және Меріба («Ұрсу») деп атады. Өйткені исраилдіктер сонда оған ұрсып, «Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па» деп Тәңір Иені еркінсіп сынаған еді. Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады. Бұл жер Меріба (Ұрсу) суы деп аталып кетті. Себебі Исраилдің үрім-бұтағы сол жерде Жаратқан Иеге ұрсып, Ол Өзінің киелі екенін көрсетті.
Выбор основного перевода