Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,Әрі топырақтың құнарлылығынан,Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан! Оны көріп тұрмын жартастың шыңынан,Оған қарап тұрмын төбе бастарынан.Бұл халық оңашаланып бөлек тұрады,Басқа ұлттарға қосылудан бас тартады. Әншілер жүр алдында, аспапшылар соңында,Даңғыра ойнаған қыздар араларында: Ей, Жақыптың үрім-бұтағы, ей, Яһуда руынан тарағандар, сөзіме құлақ салыңдар! Сендер түп аталарың Исраилдің атымен аталып, Жаратқан Иенің атын атап ант етесіңдер. Исраилдің сиынған Құдайына құлшылық етеміз дей беріп, бұларыңды шын жүректен адал істемейсіңдер! Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Выбор основного перевода