Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Рубен мен Ғад руларының малдары өте көп болатын. Олар Жазер мен Ғилақад аймақтарын көргенде, бұлардың мал бағуға өте қолайлы жер екенін ұқты. Сонда Ғад пен Рубеннің рубасылары Мұсаның, діни қызметкер Елазардың және қауым жетекшілерінің алдына келіп, былай деп өтініш жасады: — Атарот, Дибон, Жазер, Нимрах, Хешебон, Елғале, Себам, Небо және Беғон аймақтарын Жаратқан Ие Исраил халқы үшін басып алды. Осы жер мал бағуға өте қолайлы екен. Ал алдыңыздағы пенделердің табын-отарлары бар ғой. Бізге марқабат етіп, осы жердің біздей пенделеріңіздің иелігіне берілуін бұйырсаңыз екен. Бізді Иорданның арғы жағына өткізбей-ақ қойыңыз. — Бірақ олар Мұсаға таяп келіп, былай деді:— Осы жерде біз малымызға қора, әйелдеріміз бен бала-шағамызға қала салып алайық. Ал өзіміз қаруланып, басқа исраилдіктердің алдында жүріп, оларды жаңа мекендеріне алып баруға дайынбыз. Сол кезде бала-шағамыз елдің тұрғындарынан қауіпсіз бекіністі қалаларда тұра берсін. Әрбір исраилдік өзінің мұралық жерін иемденіп алмайынша, біз өз үйлерімізге қайтпайтын боламыз. Бізге мұралық жер үлесіміз Иордан өзенінің осы шығыс жағынан тисе, онда біз Иорданның арғы жағынан және содан әрі қарай өзімізге мұралық жер алмаймыз. — Бұған ғадтықтар мен рубендіктер жауап беріп былай деді:— Жаратқан Иенің біздей пенделеріңізге берген әмірін бұлжытпай орындаймыз! Біз шайқасқа қаруланып Жаратқан Иенің алдында Қанахан еліне өтеміз. Ал бізге тиісті мұралық жеріміз Иорданның бергі жағында болсын. Ал Рубен, Ғад руларына және Манаса руының жартысына Ешуа мынаны тапсырды: — Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның өздеріңе берген бұйрығын естеріңе түсіріңдерші: Құдайларың Жаратқан Ие сендерге тыныштық сыйлап, (мекендейтін орынға) осы жерді табыстады. Әйелдерің, бала-шағаларың мен мал-мүліктерің Мұсаның өздеріңе Иордан өзенінің бергі бетінде үлестірген осы жерде қала берсін. Бірақ барлық батыл да мықты жауынгерлерің толықтай қару-жарақтанып, бауырлас руларыңның алдында жүріп өзеннен өтсін. Оларға қол ұшын беріңдер! Жаратқан Ие сендерге сыйлағандай, бауырластарыңа да тыныштық сыйлап, Құдайларың Жаратқан Ие табыстап отырған сол елді иемденгенге дейін оларға көмектесіңдер! Содан кейін өз меншікті елдеріңе қайтып келіп, Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса өздеріңе Иорданның осы шығыс бетіндегі белгілеп берген жерін иемденіп, қоныстануларыңа болады. Рубен мен Ғад руларының және Манаса руының жартысының қаруланған адамдары Мұсаның айтқан бұйрығына сай барлық басқа исраилдіктерден бұрын өтіп кеткен еді. Барлығы, шамамен қырық мыңдай шайқасқа қаруланған адам, Жаратқан Иенің алдынан өзеннің арғы жағына, Иерихон жазығына саппен өтіп шықты. Сол шамада Ешуа Рубен, Ғад руларының және Манаса руының (Иорданның шығысында қоныстанған) жартысының жасақшыларын шақырып алып, былай деді:— Сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның берген барлық бұйрықтарын ұстанып, менің өздеріңе айтқандарымды да бұлжытпай орындап келесіңдер. Ұзақ уақыт бойы, күні бүгінге дейін бауырластарыңды тастап кетпей, Құдайларың Жаратқан Иенің жүктеген міндеттерін іске асырып келдіңдер.
Выбор основного перевода