Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
О, күнәкар ұлт, мойнында ауыр кінәсі бар халық, зұлымдардың тұқымы, азғындыққа салынған ұрпақ! Мен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы болсам да, олар Мені менсінбей, бас тартып, сырт айналып кетті! Алайда осы халық өзін жазалаған Әлемнің Иесіне қайтадан бет бұрып, Оның еркін білуге ұмтылған жоқ. Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды. Сен өзің Мені менсінбей, бас тарттың, — дейді Жаратқан Ие. — Менен кері бұрылып кете бересіңдер. Сол үшін Мен саған қарай қолымды созып көзіңді құртамын. Енді саған рақым көрсете алмаймын». Бәрі де пеш сияқты өз билеушілерін жалмай береді. Патшаларының барлығы зорлықпен өлтірілді. Ал олардың ешқайсысы Менен көмек сұрамады.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода