Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Қаһарлы күнде байлықтан пайда болмайды,Ал әділдік өлімнен аман сақтайды. Сонда олар күмістерін көшеге лақтырып, алтындары да құнсыз көң іспетті саналмақ. Жаратқан Иенің қаһары төгілген сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Өйткені адамдар соларды жеп, аштығын басып, қарындарын толтыра алмайды. Олардың байлыққұмарлығы сүрініп, күнәға батуларына себепші болды. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім. «Мен бәрін де жер бетінен құртып жібермекпін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Сонда адам мен хайуанды да, аспандағы құс пен теңіздегі балықты да, азғырушы мүсін мен зұлымдық жасаушыны да жаппай жоқ қыламын. Жер бетінен адам баласының көзін құртамын!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады. Сондықтан Менің орнымнан тұрып, осы халықты айыптайтын күнімді күтіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Мен халықтар мен патшалықтарды жинап, оларға ашу-ызамды төгіп, лаулаған қаһарымды лап еткізуді шештім. Сол кезде бүкіл дүние Менің қаһарымның отына шалынып, жанып кетеді».
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода