Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Біліп қой, Мен осы жерге және оның тұрғындарына пәле жіберемін! Яһуда патшасы оқыған кітапта айтылған жазалардың барлығын олардың бастарына түсіремін. Себебі олар Мені елемей тастап кетті, әрі бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп, өз қолдарымен жасаған тәңір мүсіндеріне табынып, әдейі Менің ашуымды туғызды. Менің қаһарым осы елге қарсы лаулап тұр, ол енді еш сөнбейді! Мен оларды өнімдерінен жұрдай қыламын! — дейді Жаратқан Ие. — Жүзім бұтасында жүзім шоғы қалмайды, інжір ағашында жемісі болмайды, тіпті жапырағы да қурап қалады. Менің өздеріне сыйлаған нәрселерім олардан ғайып болды. Оларға тағы былай де: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Елдегі қирап жатқан үйлерде тұрып жатқандар семсерден мерт болады. Айдаланы кезіп жүргендерді жыртқыш аңдарға жем қыламын. Бекіністі жерлер мен үңгірлерде тұрып жатқандар індеттен қырылады.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода