Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Соқырдың қараңғыда сипалағанындай, сендер тал түсте сипаланып қаласыңдар. Не істесеңдер де, істерің оңға баспайды. Ұдайы зорлық-зомбылық көріп, тоналасыңдар. Ал өздеріңді құтқаратын ешкім де болмайды. Солардың қанын ИерусалимдіАйналдыра ағызды су тәрізді,Сүйектерін жерлейтін қалдырмады ешкімді. Әлде өлгендер үшін керемет жасайсың ба,Сүйектер қайта тұрып, Сені мадақтай ма? Соқыр адамдай қабырға бойын қармалап, көзсіз зағиптей жолымызды іздеп сипалаймыз. Тал түсте кеш түскен кездегідей сүрінеміз, күшіміз болғанмен өлілерге ұқсаймыз. Сен былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Адам сүйектері даладағы қи іспетті, орақшының соңынан қалған бидай баулары сияқты шашылып жататын болады! Ал соларды жинап, қабірге қоятын ешкім де болмайды. Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады:— Біліп алыңдар: Бұл жолы Мен осы елдің тұрғындарын сақпанның тасындай алысқа лақтырып тастаймын. Олардың жау қолына түсулері үшін түрлі апаттар жіберемін.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода