Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Манаса көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті өзінің сарайының Ұзза бағы деп аталатын бағындағы қабірге қойылды. Манасаның ұлы Амон орнын басып патша болды. Амон патша болған кезде жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде екі жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні жотбалық Харус қызы Мешулемет болатын. Амон әкесі Манаса істегендей, Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Амон толығымен әкесінің теріс жолымен жүріп, әкесі табынған жалған тәңірлердің мүсіндеріне өзі де иіліп құлшылық етіп жүрді. Осылайша Амон өзінің ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, Оның ізгі жолымен жүруден бас тартты. Ақырында нөкерлері Амонға қарсы сөз байласып, оны өз сарайында өлтірді. Ал елдің халқы Амон патшаға қастандық жасағандардың бәрінің көздерін құртып, Амонның орнына оның ұлы Жосияны патша етіп қойды. Амонның қалған іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Оның мәйіті Ұзза бағындағы өзінің қабіріне қойылды. Амонның ұлы Жосия орнын басып патша болды. Жосия патша болған кезде жасы сегізде еді. Ол Иерусалимде отыз бір жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні босқаттық Адаях қызы Едида болды. Жосия Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, толығымен түп атасы Дәуіттің жолымен жүрді және мұнысынан не оңға, не солға таймады. Жосия патшалық құрған он сегізінші жылы өзінің Шафан есімді хатшысын Жаратқан Иенің киелі үйіне жіберді. Шафан Мешуламның немересі, Асалияхтың ұлы болатын. Патша оған мына тапсырманы берді: «Бас діни қызметкер Хелкияға бар да, халық Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тарту ретінде әкелген және қақпа сақшылары жинап тапсырған күмісті санап шықсын деп айт. Жиналған күміс Жаратқан Иенің ғибадатханасындағы жөндеу жұмыстарын басқаратындарға табысталсын. Бұлар одан ғимараттарды жөндеп жатқан жұмысшыларға: ағаш ұсталарына, құрылысшылар мен тас қалаушыларға жалақыларын төлесін. Олар, сондай-ақ, қаржының бір бөлігін ғибадатхананы жөндеуге қажетті ағаш және қашалған тас сатып алуға да жұмсасын. Қолдарына берілген сол қаржы жайында олардан есеп талап етудің керегі жоқ, себебі олар міндеттерін адал атқарады». Кейін бас діни қызметкер Хелкия Шафан хатшыға: «Мен Жаратқан Иенің киелі үйінен Таурат кітабын тауып алдым!» — деп хабарлап, кітапты Шафанға берді. Ал ол кітапты оқып шықты. Шафан хатшы патшаның алдына барып: «Сіздің қызметкерлеріңіз ғибадатханада сақталған күмісті шығарып, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жөндеу жұмыстарын басқаратындарға тапсырды, — деп баяндады. Шафан сөзін жалғастырып: — Діни қызметкер Хелкия маған бір шиыршық кітапты табыстады», — деді. Содан ол кітапты патша алдында дауыстап оқи бастады. Патша кітаптың мазмұнын естігенде, қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртты. Содан ол діни қызметкер Хелкияға, Шафан ұлы Ахиқамға, Миқая ұлы Ахборға, хатшысы Шафанға және бас уәзірі Асаяхқа былай деп әмір етті: «Менің атымнан, халықтың және бүкіл Яһуда елінің атынан барып, табылған кітапта жазылған сөздер жөнінде Жаратқан Иенің еркін сұрап біліп келіңдер! Аталарымыз осы кітаптың сөздерін орындамады, онда тапсырылғандардың бәрін істемеді. Сондықтан да Жаратқан Иенің лаулаған қаһары бізге қарсы лап етуде!» Сонда діни қызметкер Хелкия және Ахиқам, Ахбор, Шафан, Асаях барлығы Олдама пайғамбарға барды. Олдама киім қоймасының басқарушысы Шаллумның әйелі еді. Шаллум Тоқаттың ұлы, Хасраның немересі болды. Пайғамбар Иерусалимнің екінші ауданында тұрып жатты. Жіберілгендер Олдаманың алдына келіп, оған патшаның айтқандарын жеткізді. Олдама оларға жауап беріп былай деді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің хабары мынау, сіздерді маған жіберген адамға былай деңіздер: Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен осы жерге және оның тұрғындарына пәле жіберемін! Яһуда патшасы оқыған кітапта айтылған жазалардың барлығын олардың бастарына түсіремін. Себебі олар Мені елемей тастап кетті, әрі бөгде тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп, өз қолдарымен жасаған тәңір мүсіндеріне табынып, әдейі Менің ашуымды туғызды. Менің қаһарым осы елге қарсы лаулап тұр, ол енді еш сөнбейді! Дегенмен сіздерді Жаратқан Иеден сұрауға жіберген Яһуда патшасына тағы былай деңіздер: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие сіз жаңа естіген сөздер туралы мынаны айтады: Сен менің осы жерге және оның тұрғындарына: «Ел қаңырап бос қалады, ал оның халқын басқалар балағаттап, қарғайтын болады!» деп шығарған үкімімді естігенде жүрегіңді қасарыстырмадың, керісінше, Маған мойынсұндың. Қатты қайғырып киімдеріңнің өңірін айыра жыртып, Менің алдымда көз жасыңды төктің. Сондықтан Мен саған құлақ салдым. Сонымен Жаратқан Ие былай деп шешті: Біліп қой, сол үшін Мен сені уақыты келгенде ата-бабаларыңның қасына аттандырып, мәйітіңнің қабірге құрметпен қойылуына жағдай жасаймын. Осылай сен Мен осы жерге жіберетін күллі пәлелерді көрмейсің!»Елшілер патшаға қайтып келіп, осы хабарды жеткізді. Жаратқан Ие оған алғаш рет Яһудаға Амон ұлы Жосия патшалық құрған он үшінші жылы сөзін арнады.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода