Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті! Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды. Уақыт келіп, мезгіл жетті. Сатып алушы алғанына қуанбасын, қолдан кеткен иелігіне сатушы қайғырмасын, өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне де лаулайтын болады. Өйткені сол күн жақындап қалды. Иә, Жаратқан Иенің (жазалайтын) күні таяп қалды! Бұл күн қою бұлттардың күні, ұлттардың түңілетін күні болмақ. Сионда керней тартыңдар, киелі тауымда дабыл қағыңдар! Бүкіл елдің халқы қорқып қалтырасын, өйткені Жаратқан Иенің күні келеді, міне, ол таяп та қалды! Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады?
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода