Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Ассурдың талқандауынан бас сауғалап қашсаңдар да, сендерді Мысыр патшалығы жинап алып, құртады. Мәйіттерің сондағы Мемфис қаласында жерленбек. Күмістен жасалған бағалы заттарыңды арам шөп басып, шатырларыңда тікенек қаулап өсіп кететін болады. Ал саудагерлердің таразылары дұрыс емес, олар алдамшылықты ұнатады. Уа, теңіз жағасында тұратын кереттік халық, сендер де қасіретке қаласыңдар, Жаратқан Ие сендерге үкімін шығарады, уа, філістірлер мекендеген Қанахан елі: «Мен сені құртамын, бірде-бір тұрғының да аман қалмайды!» — Құрбандық ұсынушы әркім келіп, шалған құрбандығының етін пісіре алуы үшін Иерусалим мен Яһудадағы кез келген тамақ пісіретін қазан Әлемнің Иесіне бағышталған киелі болады. Сол күннен бастап Әлемнің Иесінің киелі үйінде (Оған мойынсұнбайтын) бірде-бір қанахандық қалмайды. Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар!
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода