Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Олар былай дейді: «Жаратқан мұны көрмейді,Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді». Ал қазір Мен көптеген балықшыларды жіберіп отырмын! — дейді Жаратқан Ие. — Сол балықшылар оларды қармап ұстап алатын болады. Мұнан кейін Мен көптеген аңшыларды жіберемін! Аңшылар исраилдіктерді барлық тау-төбелерден әрі жартастардың жарықтарынан іздеп жүріп, ұстап алатын болады. Мен халқымның жүрген жолдарының барлығын көріп тұрмын. Олар көзімнен жасырын емес, ешбір күнәлары да Менің назарымнан тыс қалмайды. Моаб жастық шағынан-ақ тыныш өмір сүріп келді, ол қуғын-сүргін атаулыны мүлдем көрген емес. Ол дайын болғаннан кейін бірде-бір рет басқа ыдысқа құйылмай, ашытқының үстінде сақталған шарапқа ұқсайды. Сондықтан ол өзінің иісі мен дәмін жақсы сақтап келеді. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Исраил халқының ақсақалдарының әрқайсысы өз жалған тәңірлерінің бейнелері орналасқан қараңғы бөлмелерінде не істейтіндерін көрдің бе? Олар: «Жаратқан Ие бізді көрмейді! Жаратқан Ие біздің елді тастап кеткен!» деседі. — «Үй салатын уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр. Әй, Сион тауында бейқам тұрып жатқан және өздерін Самария тауында қауіпсіз сезінетіндер, сендер қасіретке қаласыңдар! Ең озат халықтың маңдай алды адамдары деп аталатын сендерге Исраилдің үрім-бұтағы келіп, ақыл-кеңес пен көмек сұрайды. Олар Қармил тауының төбесіне тығылып қалса да, сол жерден де тауып, ұстап алар едім! Менен теңіздің түбіне барып жасырынса, Мен улы жыланға оларды шағуға бұйырар едім.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода