Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жесірлер мен жетімдерге жәбір көрсетпеңдер! Жаратқан Ие жетім-жесірлердің мүддесін қорғап, жат жұрттықтарға мейірім көрсетіп, оларды нанмен, киіммен қамтамасыз етеді. Енді киелі тұрағың — көктен назар аударып, халқың Исраилді және ағы мен балы ағыл-тегіл осы елді жарылқай гөр! Оны ата-балаларымызға берген антыңа сай бізге табыстадың ғой. Ал көрсеткен жәбірлерін Сен байқап келесің,Зорлықтарын бақылап, жазаларын бересің.Кедей Саған сенеді, жетімге де тірексің. Жетім мен қиналған жанның мүддесін қорғауға,Сұм пенденің оларды қайтып қорқытпауына! Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды,Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды,Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды. Мен сендерді жетімсіретпей, өздеріңе қайтып келемін.
Выбор основного перевода