Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Керісінше, Құдай Иеге Өзінің есімі құрметтелетін жер бетіндегі тұрағы болуға сендердің күллі руларыңның арасынан бір орынды таңдап алатын болады. Оған сиынып ғибадат етуге сол жерге баруларың қажет. Орнына таңдап алды Яһуда руын,Әрі Өзі қатты ұнатқан Сион тауын, (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.) Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,Сионның қақпалары ұнамдырақ ЖаратқанғаЖақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да. Таулар қошқар іспетті секірді,Төбелер қозы іспетті секектеді. Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады,Оның жердегі тұрағы болуын қалады: «Бұл — Менің ұдайы тынығар тұрағым,Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым.
Выбор основного перевода