Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оған Менің атымнан былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Кісі өлтіріп, енді оның мұралық жер үлесін тартып алмақсың ба?! Оған тағы мына сөзді айт: Набутайдың қанын жалаған орында иттер сенің де қаныңды жалайтын болады!» Патшаның соғыс күймесі Самарияның тоғанында жуылды. Сонда оның аққан қанын иттер жалады. Жаратқан Ие солай болады деп алдын ала айтқан болатын. Сол тоған әдетте жеңіл жүрісті әйелдер жуынатын жер болатын. Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады,Зұлымның құрып кеткеніне риза болады. Осылайша жүзім шоқтары қаланың сыртындағы сығу шұңқырында тапталды. Одан тереңдігі ат жалына жететін, ал ұзындығы үш жүз шақырымдай қан тасқыны ағып шықты.
Выбор основного перевода