Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие аморлықтарда Исраилден зор үрей туғызып, исраилдіктер Гибеонның маңында жауға қатты соққы берді. Оларды Бет-Хорон асуына апаратын жолдың бойымен қуа отырып, Әзека, Макед деген жерлерге жеткенге дейін көбін қырып тастады. Уа, Жаратқан, Сен Сейірден шыққанда,Едом аймағынан алға басқанда,Жер сілкініп, бұлттан жаңбыр құйды сонда, Таулар дірілдеді Иеміздің алдында,Синай тауы да Жаратқанның алдында:Исраилдің Құдайының көз алдында. Ол барлық адамдарымен бірге Салмон төбесіне көтерілді де, балтамен бір құшақ бұтақ кесіп, иығына салып, көтеріп алды. Қасындағы адамдарына: «Мен не істесем, сендер де жылдамдап соны істеңдер!» — деп бұйырды. Сен ата-бабаларымызға патшалықтар мен халықтарды табыстап, елдің шекараларын белгілеп бердің. Осылайша ата-бабаларымыз Хешебонның патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың елдерін де иемденіп алды.
Выбор основного перевода