Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына, әкеледі. Сол заманда Мысыр елінің ортасында Жаратқан Иеге бағышталған құрбандық үстелі болады. Мысырдың шекарасында Оған арналған ескерткіш те орнатылмақ. Осылайша Жаратқан Ие Өзін мысырлықтарға таныстырмақ. Сол кезде олар Жаратқан Иені жақыннан біліп, Оған мойынсұнатын болады. Олар Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, басқа сый-тартулар да ұсынбақ. Оған уәде берсе, соларын сөзсіз орындайды. Жаратқан Ие таңдаған халқына мынаны да айтады: «Мысырдың жасап шығарған заттары және Құштың саудадан тапқан табыстары сенікі болмақ. Себаның бойшаң адамдары да сенің жағыңа өтіп, меншігіңе айналады. Олар шынжырланған күйде артыңнан еріп, құрмет көрсете алдыңа жығылып: «Расында да Құдай тек саған жар болып жүр, Одан басқа шынайы құдай жоқ!» деп мойынсұнатын болады». Содан Філіп дайындалып, жүріп кетті. Жол бойында оған бір эфиопиялық адам кез болды. Бұл Эфиопияның патшайымы Қандақидың барлық қазынасын басқаратын уәзірі екен. Ол Иерусалимге Құдайға ғибадат етуге келіп, енді еліне қайтып бара жатты. Уәзір күймесінде Ишая пайғамбардың жазбасын оқып отыр екен.
Выбор основного перевода