Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Уа, Дебора, енді ояныңызшы,Оянып, жырлап, ерлерді шақырыңызшы!Уа, Абиноғам ұлы, тұрыңызшы,Уа, Барақ, жауларды тұтқындаңызшы!» Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына. Құдай Ие халқының шаттық айқайыменТұрағына көтерілді, һәм керней үнімен. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды. Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Иса Құдайдың құдіретімен көкке көтеріліп, Әкеден уәделі Киелі Рухты алған соң, Оны біздің үстімізге құйып сыйлады. Мұны өздерің естіп және көріп тұрсыңдар. Петір осы сөздерді әлі айтып тұрған кезде, Ізгі хабарды тыңдап тұрғандардың бәріне Киелі Рух қонды. Петірмен бірге келген сенуші яһудилер Құдайдың басқа ұлт адамдарының да үстіне Өзінің Киелі Рухын құйып сыйлағандығына қатты таңғалды. Себебі олар солардың түрлі тілдерде сөйлеп, Құдайды мадақтап тұрғандарын естіді. Сонда Петір: Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ. Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу. Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса, сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын береді. Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді. Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім. Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!
Выбор основного перевода