Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көптеген елшілер Жаратқан Иеге арнап сый-тартулар және Яһуда патшасы Езекияға бағалы сыйлықтар алып, Иерусалимге ағылып келді. Сонымен күллі халықтар алдында Езекия патшаның мәртебесі өсіп, жоғарылады. Тарсис пен аралдардың патшаларыПатшаңа алым-салық төлеп тұрады,Әрі Себа мен Сәбаның патшаларыСый-тартулар әкеліп отырады. Ғұмыры патшаның ұзақ болсын,Оған Сәбаның алтынынан сый тартылсын,Лайым жұрт патшасы үшін мінажат қылсын,Күн сайын жарылқануы үшін Тәңірге сиынсын! Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына, әкеледі. Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді».
Выбор основного перевода