Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер», — деді. Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. Шық кепкен кезде оның орнында айдалада қырау тәрізді ақ, нәзік қабыршақтар қалды. Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны. Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді, Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды «Оларға жейтін нанды аспаннан жіберді» деп (Забурда) жазылғандай, ата-бабаларымыз айдалада тәтті нан жеп жүрді, — деді.
Выбор основного перевода