Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені ол анамның құрсағын жаппады. Жапса мына азап пен қасіретті көрмес едім. Маған құпия түрде бір хабар келді, құлағыма бір сыбыр шалынды. Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді:— Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді. Мен кімді (діни қызметкер болуға) таңдап алған болсам, соның таяғы бүр жарады. Осылайша Мен исраилдіктердің өздеріңе қарсы күңкілдеп білдірген наразылықтарын доғартамын». Мұса исраилдіктерге бұйырып, әрбір рубасы өз руының атынан бір таяқтан берді. Һаронның таяғы да солардың таяқтарының арасында болды. Мұса таяқтардың барлығын алып, оларды Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырда Жаратқан Иенің алдына қойды. Келесі күні Мұса киелі шатырға келіп қараса, Леуі руы үшін берілген Һаронның таяғы бүр жарып қана қоймай, гүлдеп, бадам жаңғақтарын да беріпті!
Выбор основного перевода