Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар! Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,Барлық кереметтерін паш қылыңдар, Оның киелі атымен мақтаныңдар,Оған сиынатын сендер, шаттаныңдар! Иемізге әрі құдіретіне ден қойыңдар,Дәйім Оның еркін білуге ұмтылыңдар. Ұмытпаңдар Оның жасаған кереметтерін,Ғажап істері мен шығарған шешімдерін, Уа, Оның құлы Исраилдің ұрпақтары,Жақыптан тарағандар, таңдаулы адамдары! Ол — біздің Құдайымыз, Жаратқан Ие,Бүкіл әлемге Өзі билік жүргізуде. Мәңгі есте сақтаңдар Оның Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін — Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін. Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,Исраил үшін тұрақты Келісім етті. «Мұралық үлесің етіп беремін сағанҚанахан елін» деді сонда Жаратқан. Сол кезде олар әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын. Олар елден елге көшіп-қонатын,Патшалықтарды аралап орнығатын. Ал Құдай ешкімге оларды жәбірлетпеді,Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті: «Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер,Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!» Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсынӘрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын. Сол кезде былай дейтін боласыңдар:«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,Есімін атап Оған сиыныңдар,Әділ істерін ұлттарға білдіріп,Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!
Выбор основного перевода