Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер одан бас тартсаң, бақалар қаптатып, бүкіл өлкеңе залал келтіремін. Нілде бақалар құжынап, олар судан шығып, сарайыңа, ұйықтайтын бөлмеңе, тіпті төсегіңе дейін кіріп кетпек. Олар уәзірлеріңнің сарайлары мен бүкіл халқыңның үйлерін де, пештерің мен қамыр ашытатын ыдыстарыңды да жайлайды. Өзіңнің, халқыңның және бүкіл нөкерлеріңнің үстеріңде бақалар секіріп жүрмек». Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы да былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Қолыңа таяғыңды ұстап, өзендер, арықтар және тоғандарға қарай көтеріп тұр да, бақаларды шығарып, Мысыр елін бақаға қаптат». Һарон қолын Мысырдың суларына қарай көтергенде олардан бақалар шығып, елді жайлап алды.
Выбор основного перевода