Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол үшін де Жаратқан Ие мынаны айтады: Менің Жаратқан Ие екенімді қазір жасайтынымнан білетін боласың! Қараңыз, мен қолымдағы таяқпен Нілдегі судың бетін ұрғанда, ол қанға айналады. Балықтар қырылып, суы сасиды, мысырлықтарға Нілдің суын ішу жиренішті болады». — Жаратқан Ие Мұсаға арнаған сөзін жалғастырып: — Сен Һаронға былай де: «Таяғыңды алып, қолыңды Мысырдың суларына қарай көтер! Сонда өзендер мен арықтардың, тоғандар мен су қоймаларының бәрі қанға айналады. Бүкіл Мысырды қан жайлап кетпек, тіпті ағаш не тас ыдыстардың ішіндегі су да қанға айналмақ», — деді. Мұса мен Һарон Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон перғауын мен оның нөкерлерінің көз алдында таяғын жоғары көтеріп, сонымен Нілдегі судың бетін ұрып қалды. Сонда өзендегі бүкіл су қанға айналды! Балықтар қырылып, су сасып кетті. Мысырлықтар өзеннен су іше алмайтын болды. Бүкіл Мысыр жерін қан жайлап кетті.
Выбор основного перевода