Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мысырда көрсеткен ғажап істерін,Соған алқабындағы кереметтерін, Мысыр өзендерін Ол қанға айналдырды,Ағынынан ешкім су іше алмады, Оларға шақсын деп көптеп масаларды,Зақымдасын деп жіберді бақаларды, Шегіртке құрттарына қиды егіндерін,Шегірткелерге еңбектерінің өнімдерін, Бұршақпен жойды Ол жүзім бақтарын,Аязбен қиратты тұт ағаштарын. Жаудың малына да бұршақты жаудырды,Табындарын найзағай астында қалдырды. Құдай қаһарының тізгінін ағытты,Ашу-ызасы мен қастығын танытты,Құртушы хабаршыларын жөнелтті, Лаулаған қаһарына Тәңір жол берді,Ажалдан жаудың жандарын сақтамады,Оларды обаның індетіне табыстады. Мысырдың тұңғыштарының құртты көздерін,Хамның үйлеріндегі мықты өскіндерін.
Выбор основного перевода